Әлеуметтік желіде 32 жастағы экспедитордың тауар әкелгенін жазды. Базарда баспалдақтан түсіп бара жатқанда ер адам темір қоршауды жанап өткен, оны ток ұрған. Ер адам сол жерде қайтыс болды.
Алайда Қарағанды әкімдігі ер адамның токқа түсіп қайтыс болғаны туралы ақпаратты растамады.
«Қарағанды қаласы Полиция басқармасының мәліметінше, ер адамның өліміне денсаулығының аяқасты күрт нашарлауы себеп болуы да мүмкін. Оқиғаға қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу басталды», – деді әкімдік өкілі.
Бұған дейін Алматыда базар маңында қайтыс болған ер адам туралы жазған болатынбыз.