Алматыда базар маңында қоқыстың астында қалған ер адамды алып шықты
Алматыда базар маңында қоқыстың астында қалған ер адамды алып шықты

Қоңырау шалушы жер қазу жұмыстары кезінде Алатау ауданында орналасқан Кенжехан базарының артындағы қоқыс аумағында ер адам үйінді астында қалып, оған көмек керек екенін айтты.

  https://youtu.be/6yAH3nJfZKQ Алматы қаласы Құтқару қызметі баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнына жедел түрде 12 адамнан тұратын 109-шы құтқарушылар тобы және екі кинологиялық экипаж аттанды. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізе бастады.   https://youtu.be/55AMQ6kR6t0 Құтқару жұмыстары кезінде ер адамның денесі табылды. Ол үйінділердің арасынан шығарылып, полиция мен жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.