Жазира мен Жанболат, Ақбота Керімбекова, Роза Әлқожа, Ернар Айдарлар халықты 200 миллион теңгеге алдағаны рас па?
Жазира мен Жанболат, Ақбота Керімбекова, Роза Әлқожа, Ернар Айдарлар халықты 200 миллион теңгеге алдағаны рас па?

Осыған наразы халық Алматы сотының алдында шу шығарып, әншілер оларды 200 миллион теңгеге алдағанын айтуда.

“Мына Роза Әлқожа теледидардан ойын ойнатып жатқан соң, ойынына бір үмітім де болды кішкене, ұтып қаламын-ау деген. Апай сіздің ойыныңыз бітті десе, мен түсінер едім. Телефон мүлдем алмайды ғой”, – деді шағымданушы Алмагүл Әскербекқызы. Ал елді алдаған әншілердің кінәсін дәлелдемек болған адвокат Тілеужан Кішкенебаевты сот лицензиясынан айырды деп отыр. Ал бұған аты аталған әншілер мен мәдениет саласында лауызымды қызметте отырған жұлдыздардың да қатысы барына жиналғандар сенімді. “Кінәлі деп таныған. Сот үкімімен оған 220 айлық есептік көрсеткіш сомада 499 мың теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар ол адвокаттық қызметті атқарудан үш жылға айырылған болатын”, – деді Алматы қалалық соты баспасөз қызметінің басшысы Абай Жарылқасын.

“Алматы қаласы Экономикалық тергеу департаменті қылмыстық істі қайта-қайта жауып тастап, әншілерге қатысты ешқандай іс қозғалмаған. Содан Алматы қаласында тергеу соты деген бар, соған шағымдандым. Міне, осыдан кейін тергеушілер маған қатысты Экономикалық тергеу департаменті іс қозғап отыр”, – деді қорғаушы Тілеужан Кішкенебаев.

Жұлдыздар жарнамалаған соң лотерея ойындарына алдандық дегендердің саны күн санап артып, жүзге жетіпті. Ал оларды қорғаймын деп араша түскен адвокаттың өзін лицензиясынан айырған. Бірақ, қорғаушы бүгін сотқа аппеляция бергенімен, сот істі кейінге қалдырыпты.