Ақтөбеде жоғары шенді полицей ұсталды
Ақтөбеде жоғары шенді полицей ұсталды
160
оқылды
Ақтөбеде Полиция департаменті тергеу басқармасының басшысы ұсталды. Полковник Евгений Годлевский ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.  Телеарна мәліметінше, жоғары шенді полиция қызметкерінің ұсталуы көпшілік күтпеген жағдай болды, себебі, Годлевскийдің құқық қорғау органдарында 25 жылдық тәжірибесі бар. Күзде ол зейнетке шығады.
Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі өкілдері қамауға алу туралы деректі растады, бірақ басқа ақпарат бермеді. Департамент басшысы әлеуметтік желілерде Тергеу басқармасы қызметкерлерінің іс-әрекеттерінде бірқатар заңбұзушылық анықталғанын ғана жазды.
Бұған дейін