БҚО-да жол апатына ұшыраған полиция қызметкері көз жұмды
БҚО-да жол апатына ұшыраған полиция қызметкері көз жұмды
154
оқылды
9 маусым сағат 19:45-те Орал - Ақсай автожолының 25 шақырымында жол апаты болып, ВАЗ-2110 маркалы автокөлігінің рөлінде болған полиция өкілі қайтыс болды. БҚО Полиция департаментінің хабарлауынша, облыстық патрульдік полиция батальонының 28 жастағы қызметкері рөлді игере алмай, аударылып қалған. Жол апаты салдарынан ауыр жарақат алған полиция өкілі ауруханада көз жұмған. Оның жанында екі жолаушы болған, олар зардап шекпеген. Осы оқиғаға байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша тергеу басталды.