Ақтөбеде Полиция департаменті тергеу басқармасының басшысы ұсталды. Полковник Евгений Годлевский ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. Телеарна мәліметінше, жоғары шенді полиция қызметкерінің ұсталуы көпшілік күтпеген жағдай болды, себебі, Годлевскийдің құқық қорғау органдарында 25 жылдық тәжірибесі бар. Күзде ол зейнетке шығады.