Аршалыдағы «Елес жатақхана» тұрғындарының жанайқайы «AIQYN» газетінің араласуымен шешілді. Тұрғындарға жарық қайта қосылып, жергілікті әкімдік жылдың соңына дейін тұрғын үйдің мәселесін шешуге уәде берді, деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі. Естеріңізге сала кетсек, елорданың іргесіндегі Аршалы кентінде №3 бұрынғы Аршалы агротехникалық колледжінің жатақханасында тұратын 22 отбасы жарықсыз қалған. Ешқандай жерде тіркелмеген әрі теңгерімде жоқ бұл үй әлі де болса, «елес» үй күйінде. Жарықсыз қалып сенделген жұрт әкімдікке барып айғайға басқан. Болмаған соң редакцияға хабарласып, мән-жайды баян еткен. Әкімдік бізбен тілдескеннен кейін дереу іске кіріскен сыңайлы. Сол күні кешкісін біраз уақыт жарығы түбінен ажыратылған жатақхана пәтерлерінің шамдары қайта жарқырады. Бұл туралы бізге Аршалы агротехникалық колледжінің директоры Татьяна Анатольевна хабардар етті.
«Аудан әкімдігімен жаңа ғана сөйлестім. Маған жіберген хатыма жауап беретінін айтты. Сосын жарықты қайтадан қосуымды өтінді. Сөйтіп кешкі жетіде ажыратылған жатақханаға қайта жарық қостық. Енді ертең осы мәселе бойынша қайта жиын өткізіліп, мәселе шешілуі тиіс», - деген Татьяна Анатольевна.Айтқанындай, келер күні әкімдік уәде еткендей, колледждің хатына ресми жауабын да ұсыныпты. Онда «елес жатақхананың» жылдың төртінші тоқсанына дейін қандай мекеме яки кәсіпорынның теңгеріміне өтетіні шешілетіні айтылған. Бірақ тұрғындардың электр энергиясы үшін енді бұрынғыдай 26 теңгеден емес 32 теңге 132 тиыннан Аршалы ауданы АРЭК акционерлік қоғамына төлейтінін жеткізген.
«Аршалы ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» мемлекеттік мекемесі Сіздің өтінішіңізді қарастыра келе, Аршалы кенті ПТЛ-14 3 құрылыс мекенжайы бойынша орналасқан нысанды адамдар тұрып жатқандықтан электрмен қамтуды тоқтатпауыңызды өтінеді. Нысан бойынша тұрғындар енді Аршалы ауданы АРЭК акционерлік қоғамына электр энергиясы үшін қызмет көрсету шеңберінде енді 32 теңге 132 тиын мөлшерінде төлейтін болады. Сонымен бірге әкімдікпен аталған нысанға барлық құқық беруші құжаттарды әзірлеу және тіркеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы жылдың төртінші тоқсанына дейін тіркеуге алуды жоспарлап отырмыз», - дейді Аршалы ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы.P.S. Колледж директоры енді жатақхана тұрғындарына енді онсыз да жарыққа заңды тұлға ретінде төлеп жүрген тұрғындарға тарифтің көтерілгені жөнінде хатты танысуға жолдағанын айтты. Қол қоюдан басқаға амалы жоқ тұрғындар бұған да шүкірлік етуге мәжбүр. Қалай десек те, талай қиындықты бастан кешірген тұрғындарға жарық қайта қосылды. Бәлкім, енді кімнің иелігінде екені де белгілі болып қалар... Бұған дейін Аршалыда 22