Қазақстандық теннисшілер алғаш рет "Ролан Гаррос" турнирінің финалына шықты
Қазақстандық теннисшілер алғаш рет "Ролан Гаррос" турнирінің финалына шықты
213
оқылды
Қазақстандық теннисшілер Александр Бублик және Андрей Голубев карьерасында алғаш рет "Үлкен дуылға" финалында ойнайды. "Ролан Гаррос" турнирінің жартылай финалында олар испаниялық Пабло Андухара - Педро Мартинес дуэтін жеңді. Бірінші сетте қазақстандықтар ұтылды - 1:6. Алайда келесі екі партияда тең есеппен басым түсті - 6:4, 6:4. Тартысты бәсеке 1 сағат 44 минутқа созылды. Қазақстандықтар финалда Франция ашық чемпионатының 2-ракеткалары, колумбиялықтар Хуан-Себастьян Кабаль – Роберт Фарах немесе корт иелері Пьер-Юг Эрбер – Николя Маю жұптарының арасындағы матч жеңімпаздарымен финалдық кездесу өткізеді. Мұның алдында Елена Рыбакина жұптық сында Ролан Гаррос турнирінің жартылай финалына өте алмай қалған.