Тұрғындардың шағымынан кейін мониторинг жүргізілді
Тұрғындардың шағымынан кейін мониторинг жүргізілді
5,160
оқылды
Ақтау қаласындағы 28 шағынаудан тұрғындары үй айналасындағы ток көзі, су желісі, қазылған шұңқыр көмілмей, ток жүйелері сыртына  шығып,  ашық жатқанына, жаяу жүргінші мен балалар өміріне қауіп төніп тұрғанына шағымданды. Осы мәселе «Nur Otan» партиясы Ақтау қалалық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясына жүктелді. Төраға орынбасары Шамсадин Гусейнов «Nur Otan» партиясы қызметкерлерімен жұмысшы топ құрып, мониторинг жұмыстарын жүргізіп, қалалық әкімшілікке хат жолданды. Нәтижесінде, Ақтау қаласының әкімі Нұрдаулет Игілікұлының тапсырмасымен партия қызметкері Мадияр Қалиасқаров, АҚФ жанындағы Партиялық бақылау комиссия төрағасы Аида Балхашбайқызы, Саят Елесбай мониторинг жұмыстарын жүргізіп, мәселе оң шешімін тапты.