Ұлттық банк өкілі «7-20-25» және «Баспана хит» бағдарламасы қашан аяқталатынын айтты
Ұлттық банк өкілі «7-20-25» және «Баспана хит» бағдарламасы қашан аяқталатынын айтты
145
оқылды

«7-20-25» бағдарламасы бойынша қазақстандықтар 20% бастапқы жарна сала отырып, жылына 7% жеңілдетілген мөлшерлемемен 25 жылға бірінші нарықтан баспана ала алады. Жобаны жүзеге асыруға 1 трлн теңге бөлінген.

Жалпы, бұл бағдарлама жоба іске қосылған алғашқы жылы 3 289 несие берілген (39,4 млрд теңге), ал 2019 жылы – 8 723 несие (99,1 млрд теңге), 2020 жылы – 10 207 несие (120,8 млрд теңге) рәсімделген. Ал биыл бес айда (қаңтар-мамыр) тұрғындар 73,9 млрд теңгеге 5 656 несие алған.

«Осы уақытқа дейін бағдарлама бойынша 333,3 млрд теңге игерілді. Халықтың жоғары сұранысы мен ипотекалық несиенің қарқынына қарап, біз «7-20-25» бағдарламасы 2022 жылдың соңына дейін, яғни бөлінген лимит таусылған соң аяқталады деп болжап отырмыз», – деді Б.Шолпанқұлов.

2018 жылы Ұлттық банк «Баспана хит» ипотекалық бағдарламасын іске қосты. «Баспана хитті» жүзеге асыру үшін 600 млрд теңге бөлінген, соның ішінде 520,8 млрд теңге болатын 56 752 қарыз берілді. Алайда, бағдарлама «айналмалы» тетік арқылы, яғни, қаржыландырудың ортақ сомасы алдында жабылған қарыз есебінен көбейетінін ескере келе, біз несиелендірудің жалпы көлемі 675 млрд теңге болады деп болжап отырмыз. Қаржының белсенді түрде игеріліп жатқанын ескере отыра, «