Оралда төтенше жағдай жарияланды
Оралда төтенше жағдай жарияланды
283
оқылды
Орал қаласында сынапқа ұқсас белгісіз зат табылды, - деп хабарлайды қалалық әкімдік.  Оқиға 2 маусым күні Желтаудағы (Свистун гора) қалалық зират аумағында болды. Қалалық зират аумағында салмағы 1 келідей белгісіз заттың көмілгені анықталды. Алдын ала мәлімет бойынша алмұрт пішіндес ыдыста (контейнерде) улылығы жоғары сынап болған.
«БҚО ТЖ департаменті табылған жерді химиялық өңдеуден өткізді. Санитарлық-эпидемиологиялық станса қызметкерлері сынап буының ауадағы бөлінуін өлшеп, оның қалыпты мөлшерден аспағанын анықтады. Яғни, адамдар өміріне қауіп жоқ. Табылған ыдыс (контейнер) жойылғанға дейін уақытша сақтау үшін БҚО экология департаментіне берілді. Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның 3 маусымдағы кезектен тыс отырысының шешімімен жергілікті жағдайдағы төтенше жағдай жарияланды. Бұл табылған затты тасымалдау және жою бағытында шаралар қабылдау үшін тиісті іс-шара болып табылады», - деп хабарлады ведомстводан.