Сабырға сүйенген сабақтастық
«Айқын» ақпарат
/ 12.06.2021
Сабырға сүйенген сабақтастық
Осыдан екі жыл бұрын, 2019 жылдың 12 маусымында Нұр-Сұлтан қаласындағы Тәуелсіздік сарайында Президент
Кейін Жамбыл облысы Қордай ауданында болған дүрбелең кезінде де Президент халықтың мұң-мұқтажын түсіне білетінін көрсеткен. Тікелей өзі Қордайға барғаны есте. Ал коронавирус пандемиясы басталғанда елде төтенше жағдай жариялап, індеттің тез таралуын барынша тежеу қадамдарын жасады. Тіпті, 2020 жылдың шілдесінде пандемия құрбандары үшін ұлттық аза тұту жарияланғаны бар. Көре білген адамға мұның бәрі сынақ еді. Одан бөлек, экономиканың әлсіреуі, халықтың әл-ауқатының төмендеуі тәрізді қосымша сын-тегеуріндер де бар. Міне, дәл осындай қиын сәтте елді сынақтан сүріндірмей алып өту жауапкершілігін Президент арқалап келеді. Жалпы, Арыс апаты, Мақтааралды су басу, коронавирус пандемиясы кезінде Қазақстан қоғамы жаңа қырынан танылғаны бар. Ол еріктілер қозғалысының өрістеуі еді. Президент Қ.Тоқаев қоғамда қайырымдылық пен адамгершіліктің алғы шепке шығуы маңызды екенін ұдайы айтады. Әрі қатардағы қарапайым адам байқамағанымен осы екі жыл ішінде волонтерлік қозғалыс жаңа сатыға шықты. Қоғам мүшелері ұйымдаса түсті. Президенттің өзі қиын-қыстау сәтте елмен бірге болатыны жастарға, қоғам мүшелеріне месседж болғаны анық. Осылайша, ел ішінде қайырымдылық шараларын ұйымдастыратындар, оларға қатысатындар қатары артып келеді. Мұның өзі дамыған, адамның қадір-қасиеті жоғары саналатын қоғам құру атрибуттарының бірі болса керек.
Әлеуметтік жағдайды жақсарту назарынан түскен жоқ
Президенттің екі жылдағы қызметін саралаған кезде оның саясатпен қатар экономиканы, әлеуметтік саланы да алдыңғы қатарға шығарғанын байқаймыз. Сөз басында билік пен халықтың арасында алшақтық болғанын айттық қой, оның себебі мемлекеттік қызметшілерге сенбеуден, кейде азаматтардың қаржылық сауатының нашарлығы мен жұмыс берушілердің адал болмауынан және толып жатқан өзге де факторлардан бастау алатын дүниелер. Қ.Тоқаев ел тізгіні қолға алған кезде Қазақстанда 7 миллионнан астам адамның мойнында банктерден алған несие бар еді. Солардың 1,5 миллионының «несие тарихы» бұзылған немесе «қара тізімге» енгендер болатын. Яғни, осыншама адам несиеге қатысты проблемаларға тап болған. Біреуі әдейі төлемей кетсе, енді біреуінің төлеуге жағдайы жоқ еді. Дәл осындай сәтте Қасым-Жомарт Кемелұлы батыл шешім қабылдады. Сөйтіп, 2019 жылы халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін Үкімет пен Ұлттық банкке белгілі бір санатқа кіретін азаматтардың несиесін кешіруді ұйымдастыруды тапсырды. Осылайша, көпбалалы, ерекше күтімді қажет ететін балалары бар отбасылардың немесе асыраушысынан айырылған отбасылардың несиелерін жабу шарасы жүзеге асырылды. Бұл бастама 3 млн адамның өміріне әсер етті. Әрі Қазақстан тарихында тұңғыш рет ұйымдастырылған іс-шара еді. Біз тәуелсіздік алған жылдар ішінде бірнеше мәрте қаржы амнистиясын жасап, түрлі жолдармен байыған азаматтардың мүлкі мен қаржысын заңды айналымға енгізуіне мүмкіндік берген елміз. Бірақ қарапайым адамдардың банктерден алған несиелерін кешіру шарасын жасап көрмегенбіз. Сондықтан Қ.Тоқаевтың бұл бастамасы хақына шын жанашыр тұлғаның әрекеті болатын. Бұқара да солай бағалады мұны. Әрі мемлекетке деген зор сенім, ықылас қалыптасты. Ал кейін Зейнетақы қорындағы жинақтың белгілі бір мөлшерін баспана алуға, емделуге, білім алуға, құнды қағаздар нарығына салуға мүмкіндік беретін шешімнің қабылдануы бұқараның билікке деген сенімін тіптен нығайтты. Өйткені өмір бойы тірнектеп жинаған қаржының қамсыз қарттыққа жетер-жетпесіне күмән бар еді қоғамда. Бірер жыл бұрын сыбайластар қордағы қаржыны күмәнді істерге жұмсағаны да белгілі болған. Ал мұндайды көріп, біліп отырған жұрт мемлекет тарапынан жасалатын реформаларға тым құлықты бола қоймайтын. Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықтың әлеуметтік жағдайын төмендетпеуге бағытталған шаралары сол сенімсіздікті азайтып, халықтың ертеңге деген үмітін оятты. Бәлкім, мемлекет басқарушы тұлға үшін бұқара мен биліктің бір-біріне тіреу болатын болмысын қалыптастырудан артық жетістік жоқ шығар. Экономика мен саясат өз ретімен жүзеге аса береді. Уақыт келгенде халық демократиялық құндылықтарды да бойына сіңіріп, өзгенің құқығын таптамауды, дарақылыққа бармауды үйреніп, «Аяз бидей әлін, құмырсқадай жолын білуге» дағдыланады. Ал мемлекетін, елін, жерін сүюге ұмтылып тұру – бөлек қасиет. Жер демекші, осы екі жыл ішінде Қазақстан экологияға айрықша көңіл бөліп, браконьерлікпен күресті күшейтті. Экологиялық мәдениет қалыптасып келеді. Туған жердің төсін былғамау ұдайы насихатталып, экомәдениет жаңа сатыға көтерілсе, биліктің биік мінберлерінде ірі кәсіпорындарға жауапкершілік жүктеу, жаһандық жылынуға қарсы күрес тәрізді мәселелер көтеріледі. Президенттің 2060 жылға қарай Қазақстан көмірқышқыл газын аз бөлетін елдердің қатарына кіреді деген уәде беруі де сондай саясаттың, өз бастамаларының дұрыс екеніне көзі жеткенінің белгісі. Әрі әлемдік қауымдастық алдында Қазақстанның жауапкершілігін көрсететін қадам. Қысқасы, біз кейінгі екі жылда Президент Қ.Тоқаевтың басшылығымен қайта түлеп, өркендеп келеміз. Ал бір мақалаға екі жылдағы жетістіктер мен реформалардың барлығын сыйғызу мүмкін емес. Алайда жақсының жақсылығын айту – міндетіміз.
Ардақ СҰЛТАН
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
«Ол – жүрегім сүйер соңғы адам»: әнші Ақбота-Нұр Сейітмағамбет жазбасымен о...
Жаңалықтар
Қазақстандық мектеп оқушылары қысқы каникулда қанша күн демалады?
Жаңалықтар
Алматыда тағы да жер сілкінді: қала 9-10 балдық сейсмикалық аймақта орналас...
Жаңалықтар
Орынсыз қызғана берме: Ғаділбек Жанай келіншегін жұрттың көзінше жылатып қо...
Жаңалықтар
Димаш Құдайберген қазақтың бұлбұл әншісі Бибігүл Төлегеноваға тосынсый жаса...
Жаңалықтар
"Зәкең болған соң ешбір арна қабылдамады": Мақпал Жүнісова 30 жыл бұрын тү...