Түркістан облысында жоғалған тағы бір туристтің денесі табылды - Видео
Түркістан облысында жоғалған тағы бір туристтің денесі табылды - Видео
276
оқылды
Бүгін құтқарушылар Сайрам-Өгем шатқалынан Түркістан облысының тауларында жоғалып кеткен тағы бір адамның мәйітін тапты. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.
"2021 жылдың 12 маусымында Өгем өзені көпірінің сол жағынан Азартеке жотасына дейінгі бағыттағы зерттеулер барысында Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Түркістан облысының Мақпалсай шатқалынан бір адамның мәйітін тапты. Шатқал теңіз деңгейінен 1000 метр биіктікте орналасқан. Таулы рельефтің, жартасты беткейлердің көптігінен денені тікұшақпен тасымалдау мүмкін болмады. РЖҚЖ құтқарушылары Өгем өзені арқылы өтетін өткелді (ағыс жылдамдығы секундына 20 метр) жаяу жүріп, мәйітке қарай жылжыды. РЖҚТ қызметкерлері мәйітті әуе кемесіне дейін жаяу көтеріп апарып, жүкшығырдың көмегімен әуе кемесіне көтерді", - делінген хабарламада.
https://www.youtube.com/watch?v=ymOo7AOFuS4