Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
155
оқылды
"Қазгидромет" бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады. 13 маусымда Алматы облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде 17-22 м/с жетеді. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен, кей жерлерде 15-20 м/с. Бесқарағай ауданында өрттің төтенше жоғары дәрежесі күтіледі. Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Қарағанды облысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады. Павлодар облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады. Түркістан облысының тауларында күндіз найзағай күтіледі. Кей жерлерде шаңды дауыл, солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с.