Белгілі әнші Сәкен Мағазиев әлеуметтік желідегі парақшасында жұбайы Динара Мағазиевамен бірге түскен жаңа видеосын жариялады.
Бейнежазбада ерлі-зайыпты Алматы қаласын бірге аралап жүрген сәттері көрсетілген.
«Жүрегімнің ішіндегі жүрегіммен әсем Алматыны аралап», – деп жазды әнші видеоға.
Желі қолданушылары ерлі-зайыптыға жылы лебіздерін білдіріп, отбасына бақыт тіледі. «Бақытты болыңыздар», «Бала-шағаларыңыздың қызығын көріңіздер», «Керемет жұпсыздар» деп жазды оқырмандар пікірлерінде.
