Қызылордада жүк көлігі жанып кетті
Қызылордада жүк көлігі жанып кетті
5,107
оқылды
Қызылорда облысында бақша өнімдерін тиеген жүк көлігі толығымен жанып кетті, - деп хабарлайды inform.kz. Оқиға Жаңақорған ауданы орталығына жақын тұстағы Самара-Шымкент тас жолының бойында болды. Қауын-қарбыз тиеген «Газель» маркалы автокөлік құжаттармен бірге толық жанып кеткен. Оқиға орнында №14 өрт бөлімінен 4 қызметкер мен 1 автокөлік барды. Сала мамандарының күшімен өрт толықтай сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.