«Бақытты отбасымен» баспана алатындардың санын көбейту үшін қосымша тағы қаржы бөлінеді
«Бақытты отбасымен» баспана алатындардың санын көбейту үшін қосымша тағы қаржы бөлінеді
122
оқылды

Оған бюджеттен қосымша ақша бөлінеді. Бұл туралы Отбасы банкі хабарлады.

«Отбасы банк «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша өтінімдер лимитін 5 000-нан 7 500-ға дейін арттырды. Бағдарламаның әлеуметтік маңыздылығы аса жоғары екенін ескере отырып, осы мақсатқа мемлекеттік бюджеттен қосымша 20 миллиард теңге бөлінетін болды» делінген ресми хабарламада. Банк мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасыларға басымдық бермек. Биыл 12 сәуір мен 26 мамыр аралығында «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша 37 592 өтінім түсті. 7 500 өтінімнің лимиті мынадай тәртіппен бөлінді:
  • мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан  4117 өтінім түсті. Барлығы мақұлданды;
  • көпбалалы отбасылар, соның ішінде «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Ана даңқы» I және II дәрежелі наградалары бар немесе «Батыр ана» атағын алғандар – 2682 өтінім;
  • толық емес отбасылар – 700 өтінім;
Негізгі тізімге енбеген үміткерлер резервтік тізімге кіреді. Олар негізгі тізімдегі үміткерлер өтпей қалған жағдайда шақырылады.

«Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша табысы күнкөрісіне жетпейтіндер үй ала алады. 2 проценттік ипотеканы 20 жылға рәсімдеуге болады. Алғашқы жарна – 10 процент. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау мен Ақтауда 15 миллион теңгеге дейін алуға болады. Өзге өңірлерде 10 миллион теңгенің ипотекасы рәсімделеді.