Жол апатынан 6 адам зардап шекті
Жол апатынан 6 адам зардап шекті
184
оқылды

Оқиға 11 маусымда Шиелі ауданындағы R-10 каналы тұсында болған. Сол аумақта жеңіл және жүк көлігі соқтығысты. Қайтыс болғандар жоқ.

«Батыс Қытай – Батыс Еуропа» тасжолының Шиелі ауданы аумағындағы бөлігінде белгісіз адамдар жолдың жүріс бөлігіндегі темір қоршауды өз бетінше ашып тастаған. Бұл жол-көлік оқиғасының болуына алып келді. Ведомство мәліметінше, жеңіл автокөліктің жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 593-бабы 1-бөлігіне сәйкес құжат жиналып жатыр. Онда жолаушы және жүк тасымалдау қағидаларын сақтамау жағдайы көрсетілген.

«Жүк көлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексі 610-бабының 2-бөлігіне сәйкес құжаттар жинақталуда. Жол-көлік оқиғасының себептері анықталып жатыр. Сондай-ақ, жолдың жүріс бөлігіндегі темір қоршауды өз бетінше ашу дерегі бойынша кінәлі адамдарды анықтау мақсатында жан-жақты тексеру жұмысы басталды. Жол апатына қатысты 2 автокөлік айып тұрағына жеткізілді» деп хабарлады Қызылорда облыстық Полиция департаменті.

Н.ҚАЗБЕК,

 Қызылорда облысы