«Қайраттың» қарсыласы белгілі болды
«Қайраттың» қарсыласы белгілі болды
98
оқылды

Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіне биыл Қазақстанның атынан өткен жылы ел чемпионы болған алматылық «Қайрат» қатысады.

Бұған дейін «Қайраттың» жеребе бойынша «Шахтер» (Солигорск, Беларусь), «Нефтчи» (Баку, Әзербайжан), «Маккаби» (Хайфа, Израиль) және «Теута» (Дуррес, Албания) командалардың бірімен кездесетіні белгілі болды. Жеребе нәтижесінде «Қайрат» алғашқы іріктеу кезеңінде «Маккаби Хайфа» (Израиль) командасына қарсылас атанды. Айта кетейік, алматылық команда алғашқы ойынын сырт алаңда өткізеді. Бірінші іріктеу кезеңінің алғашқы кездесулері 6, 7 шілдеде, ал қарымта ойындар 13, 14 шілдеде өтеді.

А.ЖАСАНҰЛЫ