Петропавлда көшеден табылған баланың ата-анасы іздестіріліп жатыр
Петропавлда көшеден табылған баланың ата-анасы іздестіріліп жатыр
118
оқылды
Петропавлдың Жұмысшы кентінде көше кезіп жүрген бала табылды. Шамамен екі жаста. Қазір сәбидің ата-анасы іздестірілуде. Балақайды кеше кешкі сегіз шамасында тұрғындар тауып алып, патрульдік полиция батальонының қызметкерлеріне тапсырған. Ювеналдық полиция мамандары балақайға киім-кешек, аяқкиім және  басқа да керек-жарақтарын жинап берді. Қазір ол облыстық балалар  ауруханасында. Полицейлер баланың ата-анасын іздестіруде.
«Баланың туыстары жайлы қандай да бір ақпарат болған жағдайда 39-48-65 нөміріне немесе «102» арнасына хабарласуларды сұраймыз. Оның ата-анасына тәрбие, білім беру бойынша міндеттерін орындамағаны, өзінің кәмелетке толмаған балаларының құқықтары мен мүдделерін қорғамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылатынын еске саламыз. Олар ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін», - дейді Петропавл қ. ПБ ювеналдық полиция бөлімінің бастығы Эльмира Абушева.