АҚШ Қазақстанда әскери базасын ашуы мүмкін бе немесе Халилзад елімізге неге келді?
АҚШ Қазақстанда әскери базасын ашуы мүмкін бе немесе Халилзад елімізге неге келді?

14 маусым күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың Ауғанстандағы татуластыру жөніндегі арнаулы өкілі Бұдан бөлек, әскери база Қазақстанның өз саяси тәуел­сіз­­дігіне қауіп деуге негіз бар. Неге? Өйткені қандай да бір мем­лекет сарбазының бәтеңкесі тиген жерде сол елдің сөзі жүруі мүмкін. Яғни, Қазақстан АҚШ-тың саяси ық­палына түседі деген қауіп те бар екенін ұмытпаған жөн. Себебі, АҚШ-тың келген жерінен шығуы қиын екенін кәрі тарих жақсы біледі. Бүгінде Америка әлемнің 70-тен аса елінде 800-ге жуық әскери база ұстап отыр. Жалпы, әскери база мәселесі бойынша келіссөздер бұрынырақ басталып кеткен сыңайлы. АҚШ-тың Мем­ле­кеттік хатшысы Энтони Блин­кен 23 сәуірде Орталық Азия елдері Сырт­қы істер ми­нистр­лерімен онлайн кездесу өткізді. Ол кезде де аталған тақырып сөз болған шығар. Көршілер не дейді? Америка Құрама Штаттары Орталық Азия елдеріне әскери база ашу туралы ұсынысты алғаш рет айтып отыр­ған жоқ. АҚШ пен НАТО 2001 жылы Ауғанстанға басып кір­геннен кейін көрші елдерде әс­кери база ұстау қажеттілігі туын­дады. Сол кезде де ұсыныс жа­салған болатын. Қырғыз Респуб­ликасы, Өзбекстан, Тәжікстан түрлі себептермен өз терри­то­риясында НАТО әскерін орналас­тыруға келіскен болатын. Біріне Батыстың саяси, қаржылай қол­дауы қажет болса, басқасы ауған жеріндегі «Талибанды» (Қа­зақ­станда тыйым салынған ұйым) жүгендейтін қуатты күштің ке­луіне мүдделі еді. Тек Қазақстан мен Түрікменстан өз жерінде әскери база ашуға не оны жалға беруге бас тартты. Бірақ «Сол­түстік тарату желісіне» қосылды. Келісім бойын­ша, Каспий үс­тіндегі әуекеңістігі арқылы жүк тасуға рұқсат берілді. Алайда үш елдің АҚШ пен НАТО әскеріне шекарасын ашқанына өңірлік державалар Ресей мен Қытай қуа­на қойған жоқ. Сон­дықтан көп өтпей Шанхай ын­тымақтастық ұйымы құрылып, Орталық Азия елдерінің басын біріктірді. Уақыт өте келе қырғыз, өзбек, тәжік жеріндегі Батыс әс­кери базалары да ақы­рындап жабылды. Аталған ұсыныс тек Қазақ­станға жасалмайтыны бесенеден белгілі. Оған қоса, Қазақстан Ау­­­ған­­­­станнан алыс жатыр. АҚШ-қа Қырғыз Республикасы, Өзбек­стан, Тәжікстаннан әскери өкіл­дігін ашқан анағұрлым тиімді, жері жақын әрі көрші жатыр. Ал енді бұл елдердің басшылары келісе ме? Қазір 2001 жыл емес, жағ­дай басқа. Ұжымдық қауіп­сіздік келісімі ұйымы жұмыс іс­тейді. Құрамында Ресей, Ар­ме­ния, Беларусь, Қырғыз Респуб­ликасы, Қазақстан, Тәжікстан бар. Осы ұйымның мүшесі бола тұра, соңғы үш ел АҚШ әскери базасын өз жерінде ашуға рұқсат беруі қиын­дау сияқты. Ресей тара­пынан сая­си қысым өте жо­ғары бола­тынын да жоққа шығара ал­май­мыз. Қытай да қарап қалмас. Бірақ Өзбекстан Ресеймен ортақ ешбір ұйымға (ТМД-дан басқа) мүше емес. Яғни, Ресейдің алдында пәлендей құқықтық мін­деттемесі жоқ. Оған қоса, қазір экономикалық реформа жүргізіп жатқан Шавкат Мирзиёевқа Ба­тыстың кешенді қолдауы қажет болуы мүмкін. Сондай-ақ үнемі қар­жылай таршылық көретін Тәжікстан да Уашингтонмен келі­сімге келуі ғажап емес. Қырғызбен шекісіп қалған соң қолдау, көмек іздейді. Бір жағы, АҚШ әскері тәжік елінің қауіпсіздік кепіліне айналуы мүмкін. Өйткені «Тали­бан» қозғалысы ауған жерінде күшіне міне бастады. Екінші жағы, елін 27 жылдан бері үздіксіз басқарып келе жатқан әрі өз хал­қының алдында, әлемде саяси ле­гитимдігі азайып келе жатқан ақ­сақал басшы Эмомали Рахмонға Батыстың қолдауы артық етпейді. Түрікменстан дәстүрлі бейтарап ұстанымынан айнымас. Соңғы жауап. Сонымен, атал­ған мәселе бойынша Қа­зақстан қандай шешім қабылдауы мүмкін? Меніңше, дипломатиялық тілде «астына атын мінгізіп, иығына шапанын жауып, арқасын қағып», жоқ деп айтуына тура келеді. Жо­ғарыдағы факторды ескерсек, қазақ елінің бұдан басқа жауабы жоқ. Сыртқы істер саласында сан жыл қызмет еткен тәжірибелі дипломат Қасым-Жомарт Тоқаев келіссөздерде «жоқ» деген жауап­ты байыппен жеткізудің жолын бі­летіні анық.

БайғараНұрмұхамед БАЙҒАРА