Петропавлда көшеде жалғыз жүрген 2 жасар сәбидің анасы табылды, - деп хабарлады қалалық Полиция департаменті. 14 маусым күні Петропавлдағы Жұмысшы кентінде көшеде жалғыз жүрген 2 жасар сәбиді тұрғындар полицияға тапсырған еді. Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің мәліметінше, баланың анасы табылды. 24 жастағы келіншек қалалық полиция бөліміне жеткізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталды. Әйел 20 ықшамауданда тұратын құрбысының үйінде болған. Баласын Жұмысшы кентіндегі таныстарына қарай тұруға қалдырып кеткен. Ювеналды полицейлер ананы әкімшілік жауапқа тарту үшін материал жинады.
«Келіншекті профилактикалық есепке алдық. Жиналған материал кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау бойынша құрылған комиссияның қарауына жіберіледі. Әйел ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін», - дейді қалалық ювеналдық полиция бөлімінің бастығы Эльмира Абушева.Сәби қазіргі уақытта облыстық балалар ауруханасына орналастырылған.