Батыс Қазақстан облысында жол апатынан 4 адам жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды облыстық Полиция департаменті.
Оқиға 16 маусым күні шамамен сағат 13.13-те Бөрлі-Ақсай-Жымпиты жолының 27-шақырымында болды.
«ВАЗ-21103» автокөлігінің 1994 жылғы жүргізушісі қиылыста бұрылу кезінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, 1984 жылғы жүргізуші айдап бара жатқан Volkswagen Sharan автокөлігімен соқтығысуға жол берген.
Автокөліктерде 8 адам болған, соның екеуі – кәмелетке толмағандар.
«ВАЗ-21103» автокөлігінде отырған төрт жолаушы жансақтау бөліміне жатқызылды. Соның біреуі – бір жасқа толмаған сәби.
Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.