Есіл ауданына қарасты Бірлік ауылында тұратын 1952 жылы туған зейнеткерді ауылдастары соңғы рет Есіл өзенінің жағалауында көріпті.
Оны құтқарушылар мен полицейлер, туған-туысқандары мен ауыл тұрғындары, жергілікті атқарушы органдар, волонтерлар іздестіріп жатыр. Сүңгуірлер су түбін кезуде. Саз бен лай су олардың жұмысына кедергі келтіруде. Бұл жұмыстарға 4 техника мен 1 қайық жұмылдырылған.
Облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің мәліметінше, 16 маусымға дейін өңірдегі өзен-көлдерде 7 адам батып кетті, олардың үшеуі – бала.