Нұр-Сұлтаннан Алматыға ұшып шыққан ұшақ елорда әуежайына қайта оралды
Нұр-Сұлтаннан Алматыға ұшып шыққан ұшақ елорда әуежайына қайта оралды
5,095
оқылды
Нұр-Сұлтаннан Алматыға ұшып шыққан ұшақ елорда әуежайына қайта оралды, деп хабарлайды Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы баспасөз қызметі. Оқиға «Нұр-Сұлтан - Алматы» бағытындағы КС7056 рейсінде болған.
«Ұшақ сағат 14:34-те ұшып кетіп, техникалық себептерге байланысты қайтып оралды. Әуе кемесін ауыстыру жүргізіледі», - делінген хабарламада.
Алдын ала мәліметке сәйкес, аталған бағытта ұшақтың ұшуы сағат 23:40-қа жоспарланып отыр. Ал Алматы әуежайының онлайн-таблосындағы ақпаратта Fly Arystan әуе компаниясының Airbus A32 үлгідегі ұшағының бүгін кешігетіндігі көрсетілген.