ЕУРО-2020: Ресей құрамасы алғашқы жеңісіне қол жеткізді
ЕУРО-2020: Ресей құрамасы алғашқы жеңісіне қол жеткізді
134
оқылды
Футболдан Еуропа чемпионатының финалдық сатысындағы топтық кезеңінің екінші турында Ресей мен Финляндия құрамалары кездесті. Екі команда бұған дейін бес мәрте кездескен. Оның төртеуінде ресейліктер жеңіске жетсе, біреуінде финляндиялық футболшылардың мерейі үстем болған. Матч тағдырын бір ғана гол шешті. Бірінші таймның 45-минутында ресейлік Алексей Миранчук қарсыластар қақпашысын қапы қалдырып кетті. Осы топтағы Дания мен Бельгия кездесуі 17 маусымда елорда уақытымен 21:50-де өткізіледі.