Жалпы, Nur Otan баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, билеуші партия өзінің сайлауалды уәделерін іске асыру аясында мемлекеттік тілдің барлық салада қолданылуын кеңейтуге, қазақ тілінде оқытатын мектептер мен балабақшаларды көбейтуге, сондай-ақ дәстүрлі мәдениет пен ұлттық спорт түрлерін қолдауды жалғастыруға ниетті.«Біз балалар контенті мен отбасымен көруге арналған шетелдік фильмдерді дубляждауға мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету, прайм-тайм сеанстарының уақытын реттеу, мемлекеттік және өзге тілдердегі киносеанстардың үлестерін бөлу, отбасымен көруге арналған фильмдердің қазақ тіліндегі дубляжын прокатқа шығаратын кинотеатрлар үшін салық преференцияларын енгізу мәселелеріне қатысты бірқатар ұсыныстар енгіздік. Мәдениет және спорт министрлігінің уәкілетті орган ретіндегі міндеті – оларды іске асыру бойынша толыққанды жауапкершілік алу», – деп толықтырды Динара Шайжүнісова.