Жамбыл облысында атыс болып, 5 адам жараланды
Жамбыл облысында атыс болып, 5 адам жараланды
125
оқылды
Сарысу ауданында атыс болып, бес адам жараланды. Олардың барлығы ауруханаға жеткізілді, — деп хабарлайды Жамбыл облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Оқиға 15 маусымда болған. Сарысу аудандық орталық ауруханасынан Сарысу ауданының полиция бөліміне бытыра оғынан жарақат алған 20, 22 және 24 жастағы 5 тұрғынның жүгінгені туралы хабарлама келіп түскен.
«Аталған дерекке қатысты  ҚР ҚК-нің  24-бабының 3-99-бөлігі 2,1,9-тармақшалары  (екі және одан да көп адамға қатысты бұзақылық ниетпен жасалған кісі өлтіруге оқталу) бойынша сотқа дейінгі тергеу  амалдары басталды. Жанжал бұзақылық ниетпен болғаны анықталды, оның барысында күдікті жоғарыда аталған адамдарға мылтықтан бірнеше рет оқ атқан», - деп хабарлады полициядан.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері 22 жастағы күдіктіні  ұстады. Ұсталған азамат өз кінәсін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.