Қызылорда қаласында өткен таеквандодан республикалық турнирде 2010-2011, 2012-2013 жылы туған балалар бақ сынап, үздіктер анықталды. Жарысқа республиканың әр түкпірінен 800-ден астам спортшы қатысты, - деп хабарлады Lada.kz.
24 келіге дейінгі салмақта финалға маңғыстаулық Ая мен Сая Кенжеғалилер (егіздер) шығып, екеуі төбелеспей, жеңімпазды «қағаз, қайшы, тас» әдісімен (сулифа) анықтады.
Жарыс нәтижесі:
Алтын жүлде иегерлері: Әбунасыр Құлыш (36 келіге дейінгі салмақта), Аян Бағдат (32 келіге дейінгі салмақта), Нұрдәулет Құралықов (30 келіге дейінгі салмақта), Адина Көшербаева (26 келіге дейінгі салмақта) және Айя Кенжеғали (24 келіге дейінгі салмақта).
Күміс жүлдегерлер: Асылбек Алий (36 келіден жоғары салмақ), Жанерке Байменова (30 келіге дейінгі салмақта), Әлихан Қапеш (28 келіге дейін), Исмаил Рзагали (26 келіге дейін) және Сая Кенжеғали (24 келіге дейін).
Қола жүлдегерлер: Омаржан Қоспақов (36 келіге дейін), Бибісара Самалханқажықызы (34 келіге дейін), Нұрсат Закария (32 келіге дейін), Сезім Нариманкызы (26 келіге дейін), Нұрдәулет Сенғали (26 келіге дейін) және Абдуалим Рзагали (24 келіге дейін).