"Зейнетақы 20 пайызға өседі": Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі пікір білдірді
"Зейнетақы 20 пайызға өседі": Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі пікір білдірді
Желіде зейнетақыға қатысты хабарлама тарап жатыр. Онда зейнетақы мөлшері өсетіні айтылған. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.   WhatApp мессенджерінде тараған хабарламада биыл 1 шілдеден бастап зейнетақы 20 пайызға өсетіні айтылған.
"Осылайша, 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап зейнетақы 2021 жылдың деңгейімен салыстырғанда 20 пайызға артады. Бұл барлық зейнеткерге немесе 2 миллионнан аса адамға қатысты", - делінген хабарламада.
 />

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлім етті.
<blockquote> Министрлік баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстанда зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері -     100 019 теңге. 1 маусымдағы жағдай бойынша, Қазақстанда 2 миллион 243 мың зейнеткер бар.