Ұлттық компаниялардың активінде яхта, қонақүй, спорт кешендері бар - Сенат
Ұлттық компаниялардың активінде яхта, қонақүй, спорт кешендері бар - Сенат
Сенат депутаты - палатадағы Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Ольга Перепечина квазимемлекеттік компаниялар активінде пайда әкелмейтін, шығыны көп инфрақұрылымдар көп екенін айтты, - деп хабарлады azattyq-ruhy.kz.
«Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің теңгерімінде бейінді емес активтер - моторлы яхта, шаңғы тебуге арналған жолдары бар спорттық-сауықтыру кешені, дәмхана, қонақүй бар. Коммерциялық пайда әкелмейтін, сатып алуға және күтіп-ұстауға арналған шығындары бар басқа да инфрақұрылым бойынша мәселелер бар. Портфельді басқару мәселесінде квазимемлекеттік сектордың тиімділігін бағалауды көздеу қажет», - деді сенатор.
Сенатор өзін ақтамайтын жобалардың көптігі бойынша «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясын мысалға келтірді. Айтуынша, ҚТЖ-да ақталмаған жобалардың үлесі іске асқан барлық жобаның 75 пайызын құрайды.