Қазақ сарбазы суицидке неге үйір?
Қазақ сарбазы суицидке неге үйір?

Жақында Оралдағы әскери бөлімшелердің бірінде борышын өтеп жатқан сарбазға оқ тиіп, салдарынан көз жұмды. Оқиға сәрсенбі күні таңғы сағат 5:30 шамасында болған. Бозбала жедел облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Әскери бөлім басшылығының мәлімдеуінше, жауынгер өзіне-өзі қол салған. Ол сол түні түзету мекемесінде күзетте болған. Марқұм – Ақтөбе өңірінің тумасы. Қазір оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«Сарбаз қарудан өз-өзін жаралап алды. Оны аман алып қала алмады. Қазір әскери тергеу органдарымен тергеу жүргізілуде» деген №5517 әскери бөлімі командирінің орынбасары Жәнібек Сәрсенов одан өзге ақпарат бере алмайтынын жеткізді. Алайда, бұл Қазақстан әскеріндегі бірінші «суицид» емес. Жыл сайын осындай оқиға орын алуда. Тіпті, ел ішінде «Қазақстан әскеріндегі кезекті «суицид» деп қалыпты дүниеге айналғандай. Өйткені, көп жағдайда іс қозғалғанымен, кейбірі ұмытылып, жабулы күйде қалуда. Сарбаздардың ата-анасы мен ағайын-туғаны ғана әділдік іздеп, шырылдауда. Ал бейбіт күнде қыршындай жастарымыздан айырылып, әскеріміздің басына не күн туды?

Мысалы, 2020 жылдың 2 наурызында Алматы облысында әскерге шақыртылғанына үш-ақ ай болған 19 жастағы жігіт биік мұнарадан секіріп мерт болды. Оқиға Қапшағай қаласындағы № 65476 әскери бөлімде болды. Сот айыпты деп таныған сержантқа алты жыл түрме жазасын кесті. Үкіммен келіспеген екі тарап та мұның артында әскердегі әлімжеттік мәселесі тұр дейді.

Ресми қорытынды бойынша, қайғылы оқиға жаңа келген сарбаздың резервуарға суды дұрыс толтырмағанынан басталған. Әскери бөлімге су тәулігіне үш мезгіл ғана келеді. Сондықтан сарбаздар суды арнайы резервуарға жинап алуы тиіс. Наурыздың екісіне қараған түні қатардағы жауынгер Дмитрий Ганчлевский резервуарға су толтырған кезде кранды жабудың орнына ашық қалдырған. Соның кесірінен резервуарға келген су түгел ағып кеткен. Сол күні рота кезекшісі болған сержант Әлібек Ағыбаев қатардағы сарбаз Дмитрий Ганчлевскийді шақырып, бұл ісін түсіндіруді талап етеді. Ганчлевский кранды байқамай ашып кеткенін айтып, түсініктеме жазған. Іс материалдарында «сержант Ағыбаев билігін асыра пайдаланып, Ганчлевскийді балағаттап, бетінен шапалақпен тартып жіберген» деп жазылған. Содан кейін оған таңға дейін кезекшілікте тұруды бұйырып, кетіп қалған. Арада жарты сағат өткенде Ганчлевский сыртқа шығып, 26 метрлік мұнарадан секіріп, қаза тапты. Алайда сотталған сержант Ағыбаевтың анасы Айгүл Бекежанова «тергеу біржақты жүрді, әлімжеттіктің барын мойындағысы келмеген әскери бөлім істі жылы жауып тастады» деп санайды. Оның айтуынша, қаза болған жігіт бөлімшеге келген үш айдан бері көбін танымайды. Себебі, оның қойын дәптерінде «Әскерден кеткім келеді», «Мама, әскер діңкелеткен балаңа демалыс керек», «Мыналардың аты-жөнін есте сақтап... сыртта ұстап алса» деген жазбалар бар. Тіпті, өзіне қол жұмсаған сарбаз бен сотталған командир екеуі екі ротада болған, бір-бірін тіпті танымайды да дейді Айгүл Бекежанова.

Тағы сондай бір жағдай 2019 жылы Тараз қаласында болды. «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5513 әскери бөлімінде сарбаз Болат Батырханның мәйіті табылды. Ол әскери бөлімдегі екі ғимарат қуысындағы биік темірге асылып тұрған жерінен табылыпты. Ақтөбелік жауынгердің үйіне оралуына небәрі екі ай қалыпты.

 width= «Денесінде бірде-бір соққының ізі жоқ» деген ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшысының орынбасары Ниязтай Әлкешовің айтуынша, Болат Батырхан үздік сарбаз болған. Оның суреті мақтаулы жауынгерлердің қатарынан түспеген. Бұған дейін де 20 жылға жуық жауынгер дайындап жүрген тап осы әскери бөлімде естігеннің жүрегін қынжылтатын қайғылы жағдай тіркелгенін естеріңізге саламыз. Үш жыл бұрын прапорщик қару-жарақ қоймасында өзінің табельдік тапаншасынан оқ атып, көз жұмған.

Мысалы,  2016 жылы оралуына 5 ай қалғанда 22 жастағы Саян Сатыбаев асылып қалған. Оқиға Отар әскери гарнизонында 82796 әскери бөлімінде болған. ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, ол өлер алдында ешқандай хат жазып қалдырмаған. 1994 жылы туған Саян 2014 жылы әскери-техникалық мектепті бітірген. Ол әскер қатарына Ақмола облысы, Ақкөл ауданына шақыртылған. Алайда сарбаздың туыстары Саянның өз-өзіне қол салуы мүмкін емес дейді. Олар әкесі мен ағасы Саянның денесінен 20 шақты соққының белгісін байқағанын хабарлаған. Сондықтан олар сараптама нәтижелерін қайта қарап, сарбаздың өліміне кінәлілерді қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етті.

[caption id="attachment_145903" align="alignright" width="532"]сарбаз ©https://www.ktk.kz[/caption] Кейінірек белгілі болғандай, әскери ведомство бұған бас қатырып, жағдайдың мән-жайын анықтамастан күзет гарнизоны әскери полиция бөлімінің үш офицері сотқа тартылды. Олар сол кезде Сатыбаевқа қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етпей, немқұрайдылық танытқаны үшін жауапқа тартылды. Әскери сот шымкенттік гарнизонның әскери полиция бөлімі бастығының орынбасары Ерлан Баймурзаевты – 2,5 жылға, ал оның екі әріптесі Молдабаев пен Әшімәлиев үш жыл бас бостандығынан айырылып, әскери қызметте лауазым иеленуге тыйым салынған. Бірақ кейін сотталған офицерлердің адвокатының сөзінше, сарбаз қызымен ренжісіп қалған. Оған дәлел – жігіттің өлер алдында жазысқан хаттары. Ресми мәлімет бойынша, соңғы он жылда