Ер адам құрылыс кранынан секіріп кетпек болған
Ер адам құрылыс кранынан секіріп кетпек болған
5,088
оқылды
Түркістан облысында полицейлер краннан секіріп, өз-өзіне қол жұмсамақ болған ер адамды құтқарып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Бүгін таңғы сағат 9.30-да Түркістан қалалық Полиция басқармасының 102 пультіне белгісіз ер адам құрылыс кранына көтеріліп, өзіне қол жұмсауға тырысқаны туралы шұғыл хабарлама келіп түсті. Тәртіп сақшылары өз-өзіне қол жұмсамақ болған тұрғынның әрекетінің қауіпті екенін айтып, мұндай қадамға бару мүлде дұрыс емес екенін ұғындырды. Олар осылайша ер адамды көндіріп, төменге аман-есен түсірді. Аталған жайтты полицейлер Түркістан ҚПБ-да тіркеді. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.