Халық үміті мен сенімі – партияда
Халық үміті мен сенімі – партияда
292
оқылды

Бүгінде « Партия жұмыссыз жүрген жандарға көмек қолын созуда да аянған емес. Мәселен, партияның Қордай аудандық филиалының қоғамдық қабылдауына Д.Есимха­нова есімді азаматша келіп, №1 арнаулы әлеуметтік қызмет көр­сету орталығына жұмысқа орна­лас­тыруға партияның демеу біл­діруін өтінеді. Аудандық филиал өкілдері облыс әкімдігінің Жұмыс­пен қамтуды үйлестіру және әлеу­меттік бағдарламалар басқарма­сымен бірлесе отырып, Джума­ку­льді аталған қызмет орнына ор­на­ластырады. Талай жылдан бері жұ­мыссыз жүрген азаматша пар­тия қолдауына шексіз алғысын айтуда. Мойынқұм ауданы Ұланбел ауылдық округінің тұрғыны 82 жас­тағы Тұрмағанбет Арыстан­беков өзінің мүмкіндігі шектеулі екенін айтып, партияға мүгедек арбасын алып беру өтінішін жет­кізеді. Аудандық мәслихаттың депу­таты, «Мыңарал» жауапкер­ші­лігі шектеулі серіктестігінің директоры Жолдас Бұхарбаев бұл өтінішті тікелей бақылауына алып, Тұрмағанбетке заманауи мүге­дектер арбасын алып береді. 1971 жылы салынған Ақкөл бө­гетінің тозығы жетіп, өткен жылы жаңарту жұмыстары қолға алын­ған болатын. Бөгеттің берік­тілігін арттыру мақсатында жүзеге асқан құрылыс жұмыстары был­тыр­ғы жылдың маусым айында бас­­талып, ағымдағы жылдың қаң­тар айында аяқталғанымен, осы жылдың 9 ақпанында жергілікті Ақкөл ауылының тұрғындары жо­бадан тыс «Аса» өзені жағалауына су ағатын құбыр қою өтінішін жеткізген. Құрылыс жұмыстары басталған уақыттан басы-қасында жүрген «Казсушар» РМК ЖФ «Ақкөл» ӨБ басшысы, аудандық мәслихаттың депутаты А.Ахметов ауыл тұрғын­да­рының мәселесін шешу жол­дарын қарастырып, «қайыр қыл­сан бүтін қыл» деген қағидатпен «Аса» өзені жағалауына су ағатын құ­быр орнатып қана қоймай, «Жар­тас» су қоймасының да жо­лын тазартып берген. Жалпы, партия Жамбыл облыстық филиалы есепті кезеңде қайырылған тұрғындардың қандай мәселесін болса да ескерусіз қал­дыр­маған. Біз баян етіп отырға­ны­мыз соның бірері. Бұдан бөлек, тұрғындардың әлеуметтік мәсе­ле­сі, тұрғын үй, жұмыссыздық секіл­ді түйткілдің түйінін тарқатып, қара халыққа қол ұшын созып ке­леді. Ал бұқара өз кезегінде еліміздегі жетекші партияның пәрменіне деген дән ризалықтарын жеткізіп, алғыстарын айтуда. Ал дана қазақта «Алғыс арқалаған алысқа барады» деген нақыл бар.

Саятхан САТЫЛҒАН, Жамбыл облысы