Бүгінде «
Партия жұмыссыз жүрген жандарға көмек қолын созуда да аянған емес. Мәселен, партияның Қордай аудандық филиалының қоғамдық қабылдауына Д.Есимханова есімді азаматша келіп, №1 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына жұмысқа орналастыруға партияның демеу білдіруін өтінеді. Аудандық филиал өкілдері облыс әкімдігінің Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен бірлесе отырып, Джумакульді аталған қызмет орнына орналастырады. Талай жылдан бері жұмыссыз жүрген азаматша партия қолдауына шексіз алғысын айтуда.
Мойынқұм ауданы Ұланбел ауылдық округінің тұрғыны 82 жастағы Тұрмағанбет Арыстанбеков өзінің мүмкіндігі шектеулі екенін айтып, партияға мүгедек арбасын алып беру өтінішін жеткізеді. Аудандық мәслихаттың депутаты, «Мыңарал» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Жолдас Бұхарбаев бұл өтінішті тікелей бақылауына алып, Тұрмағанбетке заманауи мүгедектер арбасын алып береді.
1971 жылы салынған Ақкөл бөгетінің тозығы жетіп, өткен жылы жаңарту жұмыстары қолға алынған болатын. Бөгеттің беріктілігін арттыру мақсатында жүзеге асқан құрылыс жұмыстары былтырғы жылдың маусым айында басталып, ағымдағы жылдың қаңтар айында аяқталғанымен, осы жылдың 9 ақпанында жергілікті Ақкөл ауылының тұрғындары жобадан тыс «Аса» өзені жағалауына су ағатын құбыр қою өтінішін жеткізген.
Құрылыс жұмыстары басталған уақыттан басы-қасында жүрген «Казсушар» РМК ЖФ «Ақкөл» ӨБ басшысы, аудандық мәслихаттың депутаты А.Ахметов ауыл тұрғындарының мәселесін шешу жолдарын қарастырып, «қайыр қылсан бүтін қыл» деген қағидатпен «Аса» өзені жағалауына су ағатын құбыр орнатып қана қоймай, «Жартас» су қоймасының да жолын тазартып берген.
Жалпы, партия Жамбыл облыстық филиалы есепті кезеңде қайырылған тұрғындардың қандай мәселесін болса да ескерусіз қалдырмаған. Біз баян етіп отырғанымыз соның бірері. Бұдан бөлек, тұрғындардың әлеуметтік мәселесі, тұрғын үй, жұмыссыздық секілді түйткілдің түйінін тарқатып, қара халыққа қол ұшын созып келеді. Ал бұқара өз кезегінде еліміздегі жетекші партияның пәрменіне деген дән ризалықтарын жеткізіп, алғыстарын айтуда. Ал дана қазақта «Алғыс арқалаған алысқа барады» деген нақыл бар.