Перзентхана басшысы сотталды

Алматыда аяғы ауыр ана­ларға бөлекше «қолайлы жағ­дайлар» жасағаны үшін пара алған перинаталды орта­­лық­тың басшысына қатысты сот үкімі шықты. 

Алматының Бостандық ау­­­дандық сотының үкімімен «Пе­ринатология және балалар кар­диохирургиясы орталығы» шаруа­­шылық жүргізу құқығындағы мем­­лекеттік коммуналдық кәсіп­­орнының директоры Ғ.Бо­дықов 27 млн 300 мың теңге көлемінде айыппұлмен жазаланды.

Ал жеке медициналық ұйым­дардың акушер-гинекологі В.Бы­ковский 3 жылға бас бостан­ды­ғынан шектеу жазасын алды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің дерегінше, Бодықов 2020 жылғы желтоқ­саннан бастап, 2021 жылғы наурыз ар­а­лығында делдал Быковский ар­қылы 5 жүкті анадан және оның туыстарынан жалпы сомасы 780 мың теңге пара алған деген күдікке ілікті. Осы қаражатқа олар әйел­дерге перзентханада «босану ке­зінде қолайлы жағдайлар жа­сауға» уәде етіпті. Қылмыстық іс ҚПК-нің 615-бабының тәртібімен тоқ­татылды.

 

Ерік ЕРДЕНОВ

Байқау айқын
Байқау айқын
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.