Футболдан Қазақстан чемпионатында тағы да ұпай жоғалтқан "Ордабасы" командасының жанкүйерлері клуб автобусын стадионнан шығармай, жолын жауып тастады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz басылымы.
Команда нәтижелеріне көңілі толмаған жанкүйерлер клуб басшылығымен сөйлеспек болды: кейінгі турда "Ақжайықты" жеңгенге дейін шымкенттіктер жеті кездесу қатарынан жеңіске жете алмады. Осылайша тараптары баспасөз конференциясын өткізуге келісті. Бұған дейін клубты қымбат легионерлерден бас тартуға мәжбүр етуі мүмкін шарттар айтылған болатын. Қазір "Ордабасы" 21 ұпаймен жетінші орында, еурокубок алаңына үш ұпай жетпей тұр.Еске салайық, "Ордабасы" 16-турда өз алаңында "Ақтөбеден" жеңілді, команда 15 кездесудің бесеуінде ғана жеңіске жетті.