Автобустың төбесіне шығып алған Ақсу тұрғыны ұсталды
Автобустың төбесіне шығып алған Ақсу тұрғыны ұсталды
146
оқылды
Павлодар облысының Ақсу қаласында автобустың төбесіне шығып алып, жол жүрген 18 жастағы ер адам ұсталды. Ол бұл әрекетке әлеуметтік желіде танымал болу үшін барған, - деп хабарлады inform.kz.
«Instagram әлеуметтік желісінде мониторинг жүргізу кезінде, павлодарлық пабликтердің бірінен Павлодар облысына қарасты Ақсу қаласында жас жігіттің қалалық автобустың төбесіне шығып алып жол жүргені жарияланған видео анықталды», - деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаменті.
Полицейлер жарияланған видео бойынша тексеріс жұмысын жүргізді.
«17 маусым күні сағат 13:00 шамасында Ақсу қаласындағы Астана көшесінде жас жігіт автобус аялдамасынан қалалық автобустың үстіне мініп алып, жол жүрген. Көлік құралы қозғалып келе жатқанда ол балағат сөздер айтып тұрған», - деп хабарлады Павлодар облысы Ақсу қалалық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің бастығы Арман Рахметов.
Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік өндіріс қозғалған. Материал тиісті жазалау шарасын қабылдау үшін сотқа жіберілді. https://www.youtube.com/watch?v=G1KLwR5UiBo