Жер бетіндегі ең бай адам белгілі болды
Жер бетіндегі ең бай адам белгілі болды
199
оқылды

Франциялық бизнесмен Бернар Арно ең бай адам атанды. Ол осыдан бір ай бұрын да әлемдегі ең бай адамдар тізімінде көш бастаған еді, - деп хабарлайды Forbes.

Бұл жолы ол "Амазон" компаниясының негізін салған Джефф Безосты басып озды. Дәл қазір Арноның байлығы 200 млрд долларды құрайды. Соңғы екі айда Бернар Арно тағы 50 млрд долларға байып үлгерді. Қаңтарда оның компаниялар тобы әйгілі Tiffany зергерлік фирмасымен келісім жасасқан. Америкалық компания үш миллиард доллардан сәл асатын сомаға сатып алынды.