Португалия Германия арасындағы матчта Еуропа чемпионатындағы ең көп гол соғылды
Португалия Германия арасындағы матчта Еуропа чемпионатындағы ең көп гол соғылды
Бүгін Португалия құрамасы Еуропа чемпионаты топтық кезеңінің екінші турында Германия құрамасына есе жіберді. Ойын Мюнхендегі "Альянц Арена" стадионында  өтті. Кездесу 2:4 есебімен Германия командасының пайдасына аяқталды. Бұл Еуро-2020 ойындарындағы ең нәтижелі матч. 15-минутта есепті Португалия капитаны Криштиану Роналду ашты. Содан кейін 35 және 39-минуттарда португалдықтар Рубен Диас пен Рафаэль Геррейро өз қақпаларына гол соғып алды. Екінші таймда Кай Гавертц пен Роберт Госенс ​​мергендік танытты. 67-минутта Диого Джота есеп айырмасын қысқартты. Осы жеңістің арқасында немістер F тобында екінші орынға ие болып, Португалия құрамасы үшінші орынға түсіп қалды. Топтың көшбасшысы - Франция құрамасы.