Алматыда вакцина салдырған қария iPhone12 алды
Алматыда вакцина салдырған қария iPhone12 алды
158
оқылды

Алматыда вакцина салдырған 62 жастағы тұрғын iPhone12 ұтып алды, — деп хабарлады Almaty.tv.

Алмалы ауданына қарасты сауда-ойын-сауық орталығына күніне 50 шақты азамат екпе алуға келеді. Солардың ішінде ерікті түрде "Вакцина сал, сыйлық ұтып ал!" акциясына қатысқандар бүгін ойынның нәтижесін білді. Кездейсоқ таңдалған жеңімпаздарға бірқатар сыйлық тағайындалған. Ал бас жүлде - iPhone12 смартфонының иегері 62 жастағы қала тұрғыны болды.
"Мамырда бірінші ұтыс ойынын өткіздік. 7 маусымнан бастап екіншісін өткізіп жатырмыз, бас жүлде — iPhone12 телефоны", — деді көпсалалы кешеннің бас директоры Жұмабек Артығалиев.
Акция нәтижесін жариялаумен қатар, медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесін де ескерген ұйымдастырушылар мұндағы мамандарды назардан тыс қалдырған жоқ. Орталықтағы вакцина пунктінде жұмыс істеген қызметкерлерге алғыс айтылып, кішігірім сыйлықтар табыс етілді.