Ақтөбеде дәрігерлерге ескерткіш орнатылды
Ақтөбеде дәрігерлерге ескерткіш орнатылды
165
оқылды

Ақтөбеде дәрігерлерге арнап ескерткіш қойылды, — деп хабарлайды 24.kz.

«Аялы алақан» деп аталған мүсінді жергілікті сәулетші жасаған. Қаражатты демеушілер бөліпті. Биіктігі 2 метр 70 см. болатын ескерткіш облыстық медицина орталығының ауласына орнатылған. Себебі, былтыр науқастардың дені осы жерде ем алған. Қатерлі дерт тараған кезден бастап ақтөбелік бес мыңға жуық дәрігер қауіпті аймақта еңбек еткен. Кесел жұқтырып, қаза болғандары да бар.
«Аялы алақанымен бізді аялап, жүрегінде ұстап тұрғандай нысан етіп істедік. Республикаға осындай бір үрдіс болсын деп және де тәуелсіздікке тарту деп осындай жасап жатқан іс-шарамыз. Ақ халатты абзал жандардың абыройын асқақтатып, еңбектерін елеп, әрқашан да құрметтеп жүрсе дейміз», — деді мүсінші Қайырбек Таханов.