Алматы қаласы энергетика басқармасының басшысын Nur Otan партиясы қатарынан шығару ұсынылды
Алматы қаласы энергетика басқармасының басшысын Nur Otan партиясы қатарынан шығару ұсынылды
149
оқылды
«Nur Otan» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңес Айдар Беркімбаевты «Nur Otan» партиясы қатарынан шығаруды ұсынды. Бұл туралы осы қоғамдық кеңестің төрағасы Ерлан Саиров Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді. 
«Nur Otan» партиясы жанындағы Республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңес партияның ішіндегі құқықтық тәртіпті әрдайым назарда ұстайды. Бүгін «Nur Otan» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңес партия мүшесі, Алматы қаласы бойынша энерготиімділік басқармасының басшысы Айдар Беркімбаевқа қатысты Алматы қаласы бойынша экономикалық зерттеулер департаментінің материалдарын, сондай-ақ «Ratel.kz» интернет-порталы жариялаған материалдарды талқылады. 2020 жылы «Алматыжылукоммунэнерго»  ЖШС директоры болған Айдар Беркімбаев "мүліктік залал келтіру" фактісі бойынша күдікке ілініп, қылмыстық іс қозғалған болатын.
2021 жылғы ақпанда Алматы қаласы бойынша экономикалық зерттеулер департаменті  Алматы қаласы әкімі орынбасарының атына Айдар Беркімбаевты тәртіптік жауапкершілікке тартып, қызметінен босату туралы хат жіберген болатын.
Қазіргі уақытта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  Алматы облысы бойынша департаменті "Өңірлерді дамыту" мемлекеттік бағдарламасына бөлінген 630 миллион теңгені жымқырды деген күдікпен Алматы облысы әкімдігі энергетика басқармасының бұрынғы басшысы Айдар Беркімбаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмысын бастады.
Осы фактілерді ескеріп, Қоғамдық кеңес Айдар Беркімбаевты «Nur Otan» партиясы қатарынан шығаруды ұсынады", - деп жазды ол.