Соңғы кезде ел ішінде алимент төлемеу үшін баласынан бас тартқысы келетіндердің қатары көбеюде. Жалпы, «кез келген ата-ана баласынан бас тарта ала ма, заң жүзінде бұл мүмкін бе?» деген сауалымызға мамандар жауап берді.
Бүгінде баласына алимент төлемеу үшін түрлі қитұрқыға баратын ата-ананың жетіп артылатынын адвокат Ерубай Ыдырысов та жасырмады.
– Кез келген әке-шеше баласынан бас тарта алмайды. Тіпті, баласынан бас тартқанның өзінде де олар алимент төлеуден босатылмайды. Қазір көп жағдайда ата-аналар екеуара келісімге келіп, өзара шешімге келеді. Мысалы, кейбірі «сен – баладан бас тартсаң, мен – алимент сұрамаймын» дейді. Өйткені екі балаға алимент ретінде әкесі жалақысының үштен бір бөлігін төлеуі тиіс. Ал, егер ол алиментті 2-3 жыл төлемесе, 2-3 миллионға қарыз болы шығады. Сондайда аналар «қарыздың бәрін кешіремін, алимент те талап етпеймін. Сен тек баладан бас тарт, өмірімізден біржола кетсең болды. Жалғызбасты ана ретінде өз күнімді өзім көремін» деп жатады. Міне, осындай жағдайда кей әке баласынан бас тартады. Ондайда амал жоқ, ештеңе істей алмайсың, – дейді Ерубай Ыдырысов.
Ал заңгер