Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады
Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады
246
оқылды
"Қазгидромет" РМК 24-26 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады.
"Атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, 24 мамырда Павлодар облысында, 24-25 мамырда Шығыс Қазақстан облысында, 25 мамырда Алматы облысында нөсер жаңбыр жауады. Тек еліміздің батысында жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады. Республика бойынша желдің күшейіп, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл тұруы мүмкін. Күндіз солтүстікте 17-28С°, орталықта 20-35С°, солтүстік-батыста 25-40С°-ға дейін ауа температурасының біртіндеп көтерілуі күтіледі", - делінген хабарламада.