Вакцина алмағандар қашықтан жұмыс істейді. Елорда әкімі Алтай Көлгінов бүгін осылай деді.
Шаһар басшысы тұрғындар, ең алдымен, өзін және жақын-жуықтарын қауіпті вирустан қорғауы керектігін еске салды. Егер вакцина алмаған адам қоғамдық орында жұмыс істеп, халыққа қызмет көрсетсе, үйіне қайтарылады. Бұл санаттағы қызметкерлер тиісті иммунитет қалыптастыруға міндетті. Олай болмаған жағдайда кәсіпкерлік немесе мемлекеттік мекеме жұмысы тоқтатылады. Мектеп мұғалімдері мен студенттер де солай. Екпе алмаса, қашықтан жұмыс істеуге, оқуға жіберіледі.