Ақтөбеде Lada Xray жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті
Ақтөбеде Lada Xray жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті
Ақтөбеде Lada Xray жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.  22 маусым күні сағат 23:40-та Lada Xray автокөлігінің 56 жастағы жүргізушісі Тургенев көшесімен «Синойл» ЖМҚС-на қарама-қарсы жүріп, жол қозғалысы ережесін бұзып, 57 жастағы әйелді қағып кетті. Ол жолдың жүріс бөлігін оңнан солға, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өтпесімен, көлік құралдарының қозғалысы бойынша кесіп өткен. ЖКО салдарынан  жаяу жүргінші ауруханаға жатқызылды.
«Мұндай жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін жүргізуші мен жаяу жүргінші жол қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтауы қажет. Жүргізуші әрдайым жаяу жүргінші жолдың жүріс бөлігіне кенеттен шыққан жағдайда әрекет ете алатындай жылдамдықпен қозғалуы керек, өйткені жолдарда балалар да болуы мүмкін. Жаяу жүргіншілер өтпес бұрын жылдамдықты алдын-ала төмендетіп, жаяу жүргіншілерге әрдайым жол беріңіз. Егер жүргізуші жаяу жүргіншілер өткелі алдында басқа қатарда тежеп қалған автомобильді байқаса, ол да жылдамдықты баяулату қажет», – дейді Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов.