Алматыда коронавирустың үнді штамын жұқтырудың екінші жағдайы тіркелді
Алматыда коронавирустың үнді штамын жұқтырудың екінші жағдайы тіркелді
Алматыда коронавирустың үнді штамын 8 жасар бала жұқтырғаны анықталды. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағали хабарлады.
«Қазір бізде 1983 жылы туған әйел мен 2013 жылғы бала бар. Қауіпті вирус жұқтырғандар Саялы жұқпалы аурулар ауруханасында орналасты. Олармен байланыста болған адамдарға қатысты ақпарат әлі жоқ», - деді ол брифингте.
Бұған дейін Алматыда үнді штамы табылған алғашқы жағдай тіркелген болатын.