Ауыл тұрғындарының жол мәселесі шешілді
Ауыл тұрғындарының жол мәселесі шешілді
344
оқылды
Алматы облысы «Қарабұлақ» БПҰ Ескелді ауданы Абай ауылының тұрғыны Берік Оңалбайұлы ауылындағы Темірғали көшесінің жолы өте нашар, көлік жүру мүмкін емесін айтқан болатын. Сонымен қатар Шымкент қаласы Еңбекші аудандық партия филиалына  Еңбекші ауданы тұрғындарының атынан Ахметжан Халметов келіп,  Қаратөбе  тұрғын алабы, Наркез, Зайсан, Орынбор  көшелері жолдарының тозығы жеткенін жеткізіп, көмек сұрады. Ескелді ауданы Абай ауылы Темірғали көшесіндегі жолдарды орташа жөндеу мәселесі қолға алынды. 10 маусымға дейін Абай ауылындағы Темірғали көшесіне 1,460 м. дейінгі жолды жөндеу жоспарланып отырғанын және «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық,  Еңбекші аудандық филиалының төрағасы Ғалымжан Молдабайұлы толыққанды танысып, Наркез, Зайсан, Орынбор көшелерінің жолдарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болып шешілді. ауыл Аталған мәселе бойынша Абай ауылы, Темірғали көшесіне дейінгі жолды жөндеуге жергілікті бюджеттен 17 721 962 теңге бөлінген. Қазір Темірғали көшесі толықтай пайдалануға берілді. Ал Қаратөбе  тұрғын алабының Наркез, Зайсан, Орынбор  көшелерінің жолдарына асфальт төселіп, тұрғындардың жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасалды.