Қазақстанның күні Кенияға түсіп отыр
Қазақстанның күні Кенияға түсіп отыр
118
оқылды

Қазақстанға шай тасымалдайтын негізгі ел – Кения.

Соңғы 10 жылда биыл бірінші рет импортталған шайдың жартысынан көбі – Шығыс Африкадан келіпті. Сонда 29,2 мың тоннаның 15,5 мың тоннасы ыстық құрлықтан тасымалданыпты. Бұл дегеніміз –  53%.

Негізі 2017 жылға дейін Кения мен Үндістаннан тасымалданатын шай бірінен бірі қалыс қалған емес.  Бірақ 2018 жылдан бастап, белгісіз бір себептерден, Үндістаннан шай тасымалы азайып, Кениядан көбірек келе бастады. Ал шәй импортынан үшінші орында ЕАЭО-дағы басты серіктесі – Ресей Федерациясы.

Шай қазақтардың тамақтану мәдениетінде өзіндік орынға ие екені белгілі. Тіпті, шайды негізінен XIX ғасырдың ортасына дейін ауқатты қазақтар ішкен. XIX ғасырдың ІІ жартысында шайды бүкіл қазақ іше бастаған.